Бұдан былай астанада жәрмеңке жыл бойы өтеді

Бұдан былай астанада жәрмеңке жыл бойы өтеді

Бұдан былай астанада жәрмеңке жыл бойы өтеді
ашық дереккөзі
16 желтоқсан күні Елордадағы Пригородный елді мекенінде жыл бойы жұмыс істейтін алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылады, деп жазды turkystan.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жалпы ауданы 7 мың шаршы метр сауда орталығында 150 кәсіпкер коммерциялық қызмет ете алады. Жәрмеңкедегі азық-түліктің бағасы базар бағасынан төмен болады. Елорданың алғашқы және әзірге жалғыз жыл бойғы жәрмеңкесінде азық-түлік тауарларының барлық түрі – ет, жеміс-жидек, көкөніс, сүт өнімдері, тауық еті, жұмыртқа, бакалея, жарма және нан-тоқаш өнімдері сатылады. Мұнда қала тұрғындарына жергілікті өндіріс өнімдері, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар, Ақмола және өзге де облыстардың ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылмақ. «Сауда орталығының жұмысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өйткені азық-түлік бағасы нарықтан төмен әрі қосымша жұмыс орындарын ашады. Мұндай жәрмеңкеге қатысу кәсіпкерлер үшін де тиімді. Себебі, сауда орталығы жұмысының алғашқы үш айында орындар тегін беріледі деп жоспарланып отыр. Бұдан әрі жалдау ақысы жеңілдікті тариф бойынша алынатын болады. Ол тек коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарды жабуға ғана бағытталатын болады», – делінген ресми сайтта. Әуежай аумағында тұрақты жұмыс істейтін жәрмеңкесі бар сауда орталығының ашылуы «Big Шанхай» сауда орталығы маңындағы жол трафигін азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Қала маңындағы сауда орталығы 50 мың астаналық тұрғынды қамтиды. Айта кетейік, жыл бойы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілетін сауда орталығы Арнасай көшесі, 109-үй (әуежай жағында) мекенжайында орналасқан.