Ауыл шаруашылығы министрлігі шошқаға ұқсас қой туралы түсінік берді

Ауыл шаруашылығы министрлігі шошқаға ұқсас қой туралы түсінік берді

Ауыл шаруашылығы министрлігі шошқаға ұқсас қой туралы түсінік берді
ашық дереккөзі
Басы шошқаға ұқсайтын қойлардың бейнежазбасына қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы түсініктеме берді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Алдымен, шошқа мен қой - физиологиясы мен генетикасы бойынша әртүрлі жануар. Қойдағы хромосомалардың саны  - 54, ал шошқада - 38. Хромосомалар санындағы бұл айырмашылық шошқа немесе қойдың жаңа түрлерін шығару үшін тәжірибе жасауға келмейді дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз, ғылыми тұрғыда мүмкін емес. Әлемде мұндай жұмыс түрлері жүргізілмейді. Басқа-басқа Қазақстанда атымен жоқ әрі болуы мүмкін емес. Будандастырған күннің өзінде бұл жануарлар ұрық бермейді. Қазіргі уақытта әлемдік деңгейде қой мен шошқаның өміршең будандары туралы ақпарат та жоқ», - деп жазды мекеменің баспасөз хатшысы Дамир Аспан.
Сондай-ақ, ол әлеуметтік желі қолданушылары арасында таралған видеодағы жануардың қайдан шыққанын жазды.
«Ал желіде тарап жатқан видеода шошқа тәрізді қой емес, Мангалия шошқа тұқымы бейнеленген. Ол 19 ғасырда ескі Венгр шошқа тұқымдары (Бакони және Сзалонтай) мен Еуропалық қабанды будандастыру негізінде өсірілген. Өзінің төзімділігінің арқасында Венгрияда жиі кездеседі», - дейді.
Еске салайық, бұған дейін интернетте таралған шошқаға ұқсайтын қойлар жұртты дүрліктірген еді.