Қарағандылық азамат көп қабатты үйде түлкі асырап жүр

Қарағандылық азамат көп қабатты үйде түлкі асырап жүр

Қарағандылық азамат көп қабатты үйде түлкі асырап жүр
ашық дереккөзі
Сергей Корогодов есімді қарағандылық азамат үйінде түлкі асырап отыр, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап. Сергей Корогодов қызыл түлкіге Алиса деп ат қойыпты. Ол сиқыршының барлық сөзін түсінеді. Иесі көрсеткен қимылдарды бұлжытпай қайталайды. Сергейдің айтуынша, жас түлкіні осыдан бір жыл бұрын бұрын Ресейден әкеліпті. Салмағы 2-3 келіге жуықтайды. Қоректенетін тамағы – тауық еті. Күніне 2-3 келіден аз жемейді екен.
«Өте ақылды түлкі. Айтқанымды бірден ұғып алады. Мен бұл түлкіге түрлі жаттығулар үйретемін. Мен оны кішкентай кезінен асырап алдым. 180 мың теңгеге сатып алғанмын. Бөтен адамдарды тістегенді ұнатады. Бұларды асырағаныма еш өкінбеймін. Мен бұл шығынды шоу кештерге шығып, ақтап аламын», – дейді қарағандылық азамат.
жылан Сергей Корогодовтың мамандығы цирк әртісі  болғандықтан жануарларға деген жанашырлығы мен мейірімділігі  ерекше. Сол себепті де, ол үйінен шағын хайуанаттар бағын жасаған. Мәскеудің циркінде 10 жыл еңбек еткен. Кейін Қарағандыға, ата-анасына біржола көшіп келіпті. Сиқыршының айтуынша, жануарларсыз тұра алмайды. Бар уақытын осы жануарларды күтіп-баптауға жұмсайды екен. Қазір сиқырға толы шоуларды ұйымдастырып, табыс тауып отыр. Сонымен қатар Сергей үйінде жылан, қолтырауын, қоян, тотықұс, тышқан асырайды екен. Енді сиқыршы алдағы уақытта  аңдардың қатарын көбейтуге ниетті.
«Аңдарды жаным сүйеді. Жасыратыны жоқ, ата-анамның қарсылығына қарамастан бар күшімді саламын. Аңдардың жейтін тамақтары да әртүрлі. Оларды асырауда барлық жағдайын толық жасаймын. Мысалы, жуынатын заттарын, тұратын орындарын бәрін қалыпта ұстаймын. Күнде осылай далада серуендейміз. Тазалық шаралары да қатаң сақталады», – дейді ол.