СҚО-да Nur Otan партиясының белсенділері мен ардагерлері марапатталды
СҚО-да Nur Otan партиясының белсенділері мен ардагерлері марапатталды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында солтүстікқазақстандық нұротандықтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атынан медальдарды партияның өңірлік филиалының төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов тапсырды.
Өңір басшысы жиынға қатысушыларды алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Елбасы саясатының арқасында еліміз экономикалық өсім мен әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізгенін атап өтті.
«30 жыл – тарих үшін қысқа мерзім. Бірақ осы кезеңде біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Ең бастысы – ауыр қанды көтерілістер мен қақтығыстар болған жоқ. 22 жыл бойы Nur Otan партиясы Елбасы мен Мемлекет басшысы бастамаларының жолсерігі ретінде әрекет ете отырып, барлық ауқымды реформаларды іске асырды», - деді Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ, ол партия уақыт талабына сай болу үшін үнемі жаңарып отыратынын айтты. Мәселен, Nur Otan пандемия кезінде праймериз арқылы партияның белсенді мүшелері мен қоғамды біріктіріп, партиялық тізімдерді, мәслихаттардағы фракциялар құрамын жаңартты. Праймериз және сайлау науқаны кезінде өңір тұрғындарының өтініштері ескеріліп, сайлауалды бағдарламалар жасалды. Сонымен қатар, партиялықтар еріктілер қозғалысын басқарып, мұқтаж жандарға азық-түлік пакеттерін жеткізді.
Марапатталғандардың арасында партия ардагерлері мен белсенділері, Nur Otan өңірлік және аумақтық филиалдарының қызметкерлері бар. Сонымен қатар, бірқатар белсенді нұротандықтар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, «Халық алғысы» медалімен және «Құрмет» грамоталарымен марапатталды.