Футзал: Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізді

Футзал: Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізді

Футзал: Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізді
ашық дереккөзі
Елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Қазақстан құрамасы Өзбекстанды қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz. Бірінші таймда, Кака шәкірттері айтарлықтай үстемдік танытқанымен, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Екінші таймда он бес секунд ішінде жерлестеріміз екі гол соқты. Алдымен, Арнольда Кнауб матчтағы алғашқы допты Өзбекстан қақпасына дарытса, ізін ала Дуглас есепті еселеді. 39-минутта Илхом Хамроев есепті қысқартты. Матч аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Игита бос қақпаны дәл көздеп, қорытынды есепті тіркеді - 3:1. Prosports.kz порталының хабарлауынша, 15 желтоқсанда Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екінші жолдастық кездесуін өткізеді.