«Қостанай-Су» басшысы қамауға алынды

«Қостанай-Су» басшысы қамауға алынды

«Қостанай-Су» басшысы қамауға алынды
ашық дереккөзі
Қарашаның 27-сі күні Қостанай қаласында Chevrolet көлігін басқарып келе жатқан «Қостанай-Су» басшысы Еркебұлан Файзулаевты полиция қызметкері тоқтатқан, деп жазды turkystan.kz. Полиция қызметкері Файзулаевтың алкоголь өнімін тұтынған-тұтынбағанын анықтау үшін медициналық тексеруден өтуін талап еткен. Бірақ «Қостанай-Су» басшысы сараптамадан өтуден бас тартқан. 28 қарашада Қостанай қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының отырысында Файзулаев бұл фактіні растады. Ол мас күйінде болғандықтан, медициналық куәландырудан өтудің қажеті жоқ деп есептейтінін айтқан. Сондай-ақ өзін қатаң жазаламауды сұрады. Сот басшыны ҚР ҚК 613-бабының 4-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы үкім шығарды.