Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қоржынға тағы бір жүлде түсті

Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қоржынға тағы бір жүлде түсті

Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қоржынға тағы бір жүлде түсті
ашық дереккөзі
Қазақстандық ауыр атлет Артём Антропов әлем чемпионатының кіші күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлады turkystan.kz. Ташкентте ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық Артём Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 385  (164+221) келіні бағындырды. Мұндай нәтиже серпе көтеру бойынша кіші күміс жүлдені жеңіп алуға мүмкіндік берді. Ал қоссайыс нәтижесінде жарыстың қорытынды кестесінде төртінші орынға ие болды. Айта кетейік, ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем біріншілігінде бұған дейін Қазақстан құрамасынан Арли Чонтей топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтынды салған болатын.