Жаңалықтар

Ардагерлер Степняк қаласына Тайбұға хан есімін беруді ұсынды

ашық дереккөзі

Ардагерлер Степняк қаласына Тайбұға хан есімін беруді ұсынды

Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойының құрметіне орай, Қазақстан Ұлттық агроөнеркәсіп палатасының төрағасы Асылхан Игібаев, Біржан сал ауданы мәслихатының хатшысы Серік Шәуенов, «Соғыс және еңбек ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Біржан сал аудандық төрағасы Еркін Сыздықов, «Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің Біржан сал аудандық төрағасы Қази Шаужанов және ауыл шаруашылығы саласының мамандары, аудандық зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»: Ауылым – алтын бесігім» атты конференция өтті.

Мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған өлке» бағыты және ауылдық жерлерді дамыту, ауыл шарушылығын кеңінен насихаттау, туған жер, ауыл туралы түсініктерді кеңейту, ауылдық жерлерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Конференция аясында Қазақстан Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы аудандық ауыл шаруашылығы саласының мамандарын «Ауыл еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Сонымен қатар, Степняк қаласына Сібір ханы - Тайбұға ханның есімін беру туралы мәселе көтерілді.