«Орда FM» радиосы «Бәйтеректің» басында рекорд орнатты

«Орда FM» радиосы «Бәйтеректің» басында рекорд орнатты

«Орда FM» радиосы «Бәйтеректің» басында рекорд орнатты
ашық дереккөзі
Отандық «Орда FM» радиосының ұжымы 30 сағат бойы үзіліссіз эфир жүргізіп, «Радио жүргізушілер командасымен ең ұзақ эфир уақыты үшін» Қазақстан рекордтар кітабына енді, деп жазды turkystan.kz. Студияға сағат сайын эстрада жұлдыздары, белгілі спортшылар, танымал өнерпаздар мерекемен құттықтап келді. Олардың арасында Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева, Мұхит Тұрсынов, Бейбіт Қорған, Дастан Оразбеков, Оразгүл Асанғазы, Сергей Қанов, Серік Сәпиев, Илья Ильин де бар.
«Бұл – біздің ұжымның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлауға аз да болса қосқан үлесі. Рекордтар кітабының өкілі біздің жазбамызды тіркеп, тиісті сертификат берді», – дейді «ORDA FM» директоры Кирилл Волков.
Естеріңізге сала кетейік, хабардың тағы бір ерекшелігі – радиостудия елорданың басты символы – «Бәйтерек» монументінің ішінде орналасты. Бұл марафон ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.