Зейнетақы жинағын пайдалану 20 күнде жүзеге асады

Зейнетақы жинағын пайдалану 20 күнде жүзеге асады

Зейнетақы жинағын пайдалану 20 күнде жүзеге асады
ашық дереккөзі
БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағын пайдалану мерзімі 20 күнге қысқарды. Бұл туралы Отбасы банктің Instagram-дағы парақшасында жазылған, деп хабарлады turkystan.kz.
«Біржолғы зейнетақы төлемі арнайы шотқа түскеннен кейін ол қаражатты 20 жұмыс күні ішінде мақсатқа сай пайдалану мүмкіндігі болады. 20 жұмыс күнін есептеу онлайн-платформада өтініш жіберген сәттен емес, біржолғы зейнетақы төлемі арнайы шотқа түскен сәттен бастап есептеледі» деп жазылған хабарламада.
Арнайы шот ашу үшін банкке келудің қажеті жоқ екені де айтылған. Ол үшін мобильді қосымшаны пайдалануға немесе www.otbasybank.kz сайтындағы видеоқоңырау арқылы шот ашуға да болады. Сонымен қатар біржолғы зейнетақы төлемінің статусын чат-бот арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Отбасы Банк (@otbasy_bank_kz)

«Сондай-ақ enf-obasybank.kz зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қолдану платформасында жолдаған өтініштің орындалу деңгейін тексеру үшін +7 705 925 13 01 WhatsАpp нөміріне немесе Telegram-дағы Quanysh_bot ботына жазу қажет», - деп түсіндірді Отбасы банк өкілдері.