«Бәріңнің шешелеріңді...»: шымкенттік генерал қатты кетті (ВИДЕО)

«Бәріңнің шешелеріңді...»: шымкенттік генерал қатты кетті (ВИДЕО)

«Бәріңнің шешелеріңді...»: шымкенттік генерал қатты кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов өзіне арыз айтып келген тұрғындарды қабылдау кезінде қызметкерлеріне қатты жекіген. Ол туралы видео telegram-арнада жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Шешеңді өстіп Құдай қинасын, майор! Түсіндің бе? Шешең бар ма?.. Осылай жылатсын! Басқа не айтам саған? Ақымақ қылып қинасын. Бәріңнің шешелеріңді осылай қинасын! Не деген оңбаған адамсыңдар? Ұяттарың жоқ! Не істеймін енді? Көріп тұрсыз ғой, тексертемін ана жігітке... Еее, іс қозғамайтын болсаң, ісім сенімен болады, түсіндің бе? Алдыңдағы істерді көтеремін, өзіңе іс қозғатамын, егер осыған іс қозғамайтын болсаң»,- дейді ашулы генерал.
Еске сала кетсек, таяуда ғана Шымкенттегі тергеу кезінде қостанайлық 31 жастағы азамат көз жұмған болатын. Ол іс ҚР ҚК-нің 106-бабы бойынша тіркелді.