«Астана LRT»: Сотталушылардың бірі бостандыққа шықты

«Астана LRT»: Сотталушылардың бірі бостандыққа шықты

«Астана LRT»: Сотталушылардың бірі бостандыққа шықты
ашық дереккөзі
«Astana Innovations» басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім босатылды, деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы оның адвокаты Джохар Өтебеков «Facebook»-тағы жеке парақшасында хабарлады.
«Менің клиентім Талғат босатылды! Ол ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттемеге қол қойды. Бізді қолдағандардың бәріне рахмет! Бұл менің өмірімдегі керемет және ең ауыр жеңіс!» – деп жазды Джохар Өтебеков.
Талғат Әшім мамыр айында 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Күзде үкімнің күші жойылғанымен, бірақ сотталғандар тергеу изоляторында қала берді. Талғат Әшімнен бөлек тағы бір сотталушы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. «Бізде АҚШ-пен келісім жоқ. Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Манхэттеннен Астана әкімінің орынбасары Сұлтанбековты ала алмайды. Бұл - өтірік! Қазақстан ұстап беру туралы конвенцияны 4 жыл бойы ратификациялаған. АҚШ бізге онсыз да қылмыскерлерді ұстап берген. Бұдан былай тіптен оңайырақ болады. Мен антикордың баспасөз хабарламасынан тағы не білдім? Сұлтанбеков Интерполдың базасына кірмеген болып шықты... Интерполдың өзі кінәліні тапқан екен!» – деді Джохар Өтебеков. Адвокат Интерпол сайтында «Астана LRT» жобасын жүзеге асыру кезінде қаржы жымқыру ісіне қатысы бар негізгі тұлғалардың келмеуі туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдемесіне осылай түсініктеме берді.