Африкада қуаңшылықтан керіктер қырылып жатыр

Африкада қуаңшылықтан керіктер қырылып жатыр

Африкада қуаңшылықтан керіктер қырылып жатыр
ашық дереккөзі
Кенияның солтүстігінде соңғы он жылдағы ең ауыр жұттан миллиондаған мал қырылды. Су мен жем-шөптің жоқтығынан даладағы аң-құс, оның ішінде керіктер босып кеткен, деп жазды turkystan.kz. «BBC» қызметі хабарлағандай, соңғы жылдары жабайы жануарлардың қырылуы жиілеп барады. Ваджир ауданы қуаңшылықтан ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі. Бұл ауданда ірі қараның, ешкілердің, тіпті, керіктердің көптеген өлекселері табылып жатыр. Су көздерін ластамасын деген саябақ қызметкерлері  керік өлекселерін алысқа апарып тастауға мәжбүр. Жергілікті билік ірі қараның 70 пайызы аштық пен шөлден өлгенін айтады. Қырылған миллиондаған мал жергілікті халықтың негізгі күнкөрісі. Сарапшылар құрғақшылық кем дегенде 2022 жылдың ортасына дейін жалғасып, көрші елдерге де қауіп төндіреді деп болжанып отыр. Сондықтан көршілес Сомали елінде гуманитарлық төтенше жағдай жарияланды.