ДДСҰ туризмге дабыл қақты: жаңа індет енді басталды

ДДСҰ туризмге дабыл қақты: жаңа індет енді басталды

ДДСҰ туризмге дабыл қақты: жаңа індет енді басталды
ашық дереккөзі
«Еуропа – коронавирустың негізгі орталығы». Мұндай пікірді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Маргарет Харрис БҰҰ-ның Женева кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, аймақта инфекция өршіп тұр және індет енді қарқын ала бастады, деп жазды turkystan.kz. Соңғы апталарда Шығыс Еуропа елдерінде, атап айтқанда, Ресей, Украина және Польшада эпидемиологиялық жағдайдың ушығуы ДДСҰ-ны ерекше алаңдатып отыр. Жиында Маргарет Харрис бүкіл әлемде тіркелген  COVID-19 жағдайларының 65 пайызы Еуропаға тиесілі екенін атап өтті. Індет статистикаcы қыс-көктемде тарихи максимумды жаңартуы мүмкін. Омикронның қаупіне қарамастан, Еуропа аймағында «Delta» штаммы әлі де басым болып келеді.
«Еуропа коронавирустың негізгі көзі деп айта аламыз. Жұқтырғандардың басым бөлігінде «Delta» анықталып жатыр. Біз бұрыннан қоғамдық денсаулық сақтау шаралары мен әлеуметтік шараларды күшейтіңіз, вакциналауды жеделдетіңіз деп келеміз. Себебі, бұл шаралардың барлығы «Delta» мен «Omicron» штамын тоқтатуға көмектеседі», – деді ол.
Соңғы апталарда Еуропада коронавирус жағдайы нашарлай бастағандықтан, Харрис қабылдаған қауіпсіздік шараларын екі есе арттыру туралы ДДСҰ-ның үндеуін қайталады. Атап айтқанда, бұқаралық шараларға тыйым салу, маска тағу және қол гигиенасына назар аудару керек.