Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында партия марапаттары табысталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында партия марапаттары табысталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында партия марапаттары табысталды
ашық дереккөзі
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойын атап өту аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясы аумақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында «Бастауыш – партия негізі» атты айлығын қорытындылау салтанатты шарасы өтті. Облыстық филиалдың жыл бойы атқарған жұмыстары жөнінде қорытындысы бойынша өңірімізде 27 мыңға жуық партия мүшесі бар. Олар партияның негізгі күші болып табылатын 229 бастауыш ұйымына топтасқан. Елімізде алғаш рет өткен праймеризге облыс бойынша 421 адам қатысқан еді. Өңірдегі барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 190 орынның 153-іне (80,5%) сайлау қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы мандат алды. Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының облыстық филиалдарына 4175 адам жолығып, өтініш қалдырыпты. Филиалдарда 2440 қабылдау өтікізіліп, мәселелердің 42,5%-ы оң шешімін тапса, 55,5%-ына түсінік жұмысы жүргізілген. Бүгінде партияның ықпал етуімен 456 адам жұмысқа орналасқан. Облыстық бастауыш партия ұйымдары соңғы 1 ай ішінде 4 номинациядан тұратын іс-шаралар бойынша сынға түскен. Олар «Чемпионмен жаттығу» атты таңғы көпшілік жаттығу жасау, «Жақсылық жасаудан жалықпа» қайырымдылық іс-шарасы, «Мен нұротандықпын», «Я партиец» үздік пост жазу және «Осы жерде және дәл қазір», «Здесь и сейчас» атты өзекті мәселелерді көтеру бойынша өзара жарысқан. Айта кету керек, бұл сында әр бастауыш ұйымның ауызбіршілігі, ұйымшылдығы және ел үшін атқарған игі істері ерекше рөл атқарды. Айлық қорытындысында «Чемпионмен жаттығу» аталымы бойынша «Казталов» бастауыш партия ұйымы үздік деп танылды. Құрамында 320-дан астам партия мүшесі бар ұйым ҚР пауэрлифтингтен 4 дүркін чемпионы Айдын Елемесовпен бірге «Чемпионмен жаттығу» атты таңғы көпшілік жаттығуын өткізген. «Жақсылық жасаудан жалықпа» аталым бойынша Жаңақала ауданындағы «Мәстексай» бастауыш партия ұйымы жеңімпаз атанды. Аталмыш БПҰ-ның мүшелері мен ауыл ақсақалдары бірігіп, осы ауылдың тұрғынына баспана сыйлап, қуанышка бөлеген. Ал Ақсуат ауылдық округінің әкімі, «Ақсуат» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жаннұр Бекбауұлы «Мен нұротандықпын» аталымы бойынша марапатталды. Ауылдық округ әкімдерінің сайлауына «Nur Otan» партиясы атынан түскен ол тұрғындардың қолдауына ие болып, жеңіске жетті. «Осы жерде және дәл қазір» аталымы «Январцев» бастауыш партия ұйымына бұйырды. Бәйтерек ауданындағы 100-ден астам партия мүшесі бар аталмыш ұйымның түрткі болуымен Кирсанов ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету және кіреберіс жолдарын салу мәселелері шешімін табуда. Іс-шарада «Бастауыш – партия негізі» айлығы аясындағы негізгі марапаттармен қоса, партияның өзге де міндеттерін оңтайлы жүзеге асырған партиялық құрылымдар мен белсенді адамдар да марапатталды. «Ең үздік фракция» аталымына «Сырым аудандық мәслихаты жанындағы «Nur Оtan» партиясының фракциясы» ие болды. Аталмыш фракция «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасының орындалуын өз деңгейінде ұйымдастырған. «Партия жақтаушысы» аталымын «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінің төрағасы Қуандық Мәдір иеленді. Сондай-ақ «Ең үздік қоғамдық қабылдау» аталымымен партияның Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдауы, «Ең үздік партиялық әрі қоғамдық жұмыс» аталымымен облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұрғиса Камашев марапатталды. Салтанатты жиында, сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің құрмет грамотасы және арнайы алғысхаттар табысталды. Мұндай марапатқа партия төрағасының стратегиялық бағытын белсенді қолдап, партияның бағдарламалық міндеттерін іске асыруға атсалысқаны, ел егемендігін нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Малика Махауова, Ганмирлан Тұрғаналиев және бірнеше нұротандық ие болды. Тағы бір топ партия мүшесі облыстық партия филиалы төрағасының алғысхатымен марапатталды. Айта кету керек, бұл марапаттарды партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева, қала әкімі, Орал қалалық партия филиалының төрағасы Абат Шыныбеков және мәслихат депутаттары табыстады. Салтанатты жиын соңында облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Ғали Есқалиев бірнеше партия мүшесіне марапат ұсынды. Атап айтсақ, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Халық алғысы» төсбелгісімен Искаир Илемесов пен Фарид Бахтиозинді марапаттады. Ал партияның «Белсенді қызметі үшін» медалін Айжан Нысанбаеваға, Оразкүл Кубесоваға және бірнеше белсенді «нұротандыққа» табыстады. Салтанатты кеш соңында бастауыш партия ұйымдары арасында өткен «Бастауыш – партия негізі» айлығының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды. Бас жүлдемен яғни «Ең үздік бастауыш партия» аталымымен Ақжайық аудандық филиаланың «Тайпақ» бастауыш партия ұйымы марапатталды. Қалған жүлделі орындарды Жаңақала аудандық филиаланың «Болашақ», Жәнібек аудандық филиаланың «Батыс» және Орал қаласының №19 орта мектебінің «Ғибрат» БПҰ-лары өзара бөлісті.  width=
"Бүгінгі кеш Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналды. Партиямыздың жалпы саяси күш ретінде дамуына осында отырған әрқайсысыңыз ауқымды үлес қосып келесіздер. Қазақстандықтар тәуелсіздік алған сәттен бастап бір ел, бір халық болып жұмылып, көптеген сынақтар мен қиындықтардан өтті. Біздің халқымыз еліміздің мықты мемлекет болып қалыптасуы жолында аянбай еңбектеніп келеді. Бүгін көрсетілген шағын бейнефильмнен облыстағы партия ұйымдары мен партияластар тындырған игі істер мен шешімін тапқан мәселелерге куә болдық. Партия жастар мен халықтың осал топ өкілдеріне жағдай жасайтын ірі саяси күш ретінде түрлі жобаларды жүзеге асыруда. «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді қолдайық, ардақтайық», «Ұлттық мұра» жобаларымен қатар, жастардың күш-жігерін біріктірген «Жас Отан» жастар қанаты да ел мен қоғамның дамуына үлес қосуда. Биыл еліміздің саяси өмірінде көптеген реформалар жүзеге асырылып, көппартиялық жүйенің қазақстандық моделі қалыптасты. «Nur Otan» партиясы праймериз өткізіп, партия қатары жастармен, әйел адамдармен және мүмкіндігі шектеулі жандармен толықты. Жыл басында өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында «Nur Otan» партиясы жеңіске жетті. Сонымен қатар елімізде ауылдық округ әкімдерінің сайлауында да партиядан түскен үміткерлер ауыл халқының ықыласына бөленді. Олар қазір сайлауалды бағдарламаларындағы уәделерін орындауда. Осының бәрі партияластардың тынбай атқарған еңбегінің арқасында жүзеге асып, жемісін беріп келеді. Арамызда әрдайым ауызбіршілік болса, бір бағытта жұмыс істесек, көптеген жетістікке қол жеткіземіз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын", – деп салтанатты шараны қорытындалады өңір басшысы.
Марапаттар жауған күнді республикалық байқаулардың лауреаттары Медет Оразов және Тарас Жауынбаев «Nur Otan» партиясының гимнімен түйіндеді.