Әкімдік балкондарға жалауды фотошоппен салған

Әкімдік балкондарға жалауды фотошоппен салған

Әкімдік балкондарға жалауды фотошоппен салған
ашық дереккөзі
Алматы облысындағы аудандардың бірінде қызықты жағдай орын алды. Әкімдіктер өздерінің әлеуметтік желілерде жариялаған суреттерге мемлекеттік туды фотошоппен салған, деп жазды turkystan.kz «Пятый регион» ақпараттық порталына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, аудан әкімдіктерінің бірі «Instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шаралардың суреттерін жарияланған. Суреттерден ту ілінген көпқабатты үйлердің балкондарын көруге болады. Бірақ желі қолданушылары мен дизайнер мамандар бұл суреттердің шынайылығына күмән туғызуда. Басылым редакторлары «Photoshop» бағдарламасымен жұмыс істейтін  кәсіби графикалық дизайнер Сергей Мартыщенконың көмегіне жүгінеді. Сарапшы шенеуніктердің жұмысына өз бағасын беріп, жалауларды епсіз маман қолмен салған деген қорытындыға келді.
«Бұл - сөзсіз өте нашар жасалған фотошоп. Тулардың артындағы ағаш бұтақтарына назар аударыңыз. Бірақ қарапайым адам бұған бірден назар аудармауы да мүмкін», – дейді ол.
Айта кетейік, аз уақыттан кейін бұл фотосуреттер әкімдіктің парақшасынан өшірілген. Бірақ кейбір желі қолданушылары суреттерді орнына қайтаруды талап етуде.