Чемпиондар лигасы: Жасанды интеллекті шатастырған Аршавин бе?

Чемпиондар лигасы: Жасанды интеллекті шатастырған Аршавин бе?

Чемпиондар лигасы: Жасанды интеллекті шатастырған Аршавин бе?
ашық дереккөзі
Швейцарияның Ньон қаласында өткен футболдан Еуропа чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кезеңінің жеребесі қайтадан тартылды, деп жазды turkystan.kz. Ұзақ жылдар бойы біз «УЕФА» турнирлерінің жеребесі ретке келтірілген механизм екендігіне үйреніп қалдық. Команда атаулары бар шарлар қоржыннан қоржынға тез ауысып, жүргізушілер статистикалық фактілерді шығарады. Барлығы анық және үйлесімді, ешқандай да кідіріс  жоқ. Алайда, бұл жолы чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімінде өрескел қателіктер орын алды. Жеребе тарту ережесіне сәйкес, бір елдің командалары, сондай-ақ бір топта ойнаған клубтар өзара кездеспейді. Компьютер келесі жұптарды ескере отырып, барлық мүмкін нұсқаларды бірден шығарады. Басында бәрі тамаша еді. Ең бірінші болып алынған португалдық «Бенфика» үшін бір топта болған «Баварияны» қоспағанда, жеті мүмкін қарсылас болды. Бірақ содан кейін жасанды интеллект сәтсіздікке ұшырап, қажетсіз нұсқаларды да ұсына бастайды. Мұны шара ұйымдастырушылары да бірден байқаған жоқ. Бұл қателік тек Ресейдің бұрынғы футболшысы Андрей Аршавин испаниялық «Вильярреалға» қарсылас ретінде «Манчестер Юнайтедті» таңдаған кезде белгілі болды. Сөйтіп, жеребе тарту кезінде төмендегіей қателіктер анықталды:
  1. «Ливерпуль» клубы «Атлетиконың» қоржынында (бұл болмауы керек, олар бір топта ойнады).
  2. «Атлетико» үшін мүмкін қарсыластар қоржынында «Манчестер Юнайтед» жоқ.
  3. «Вильярреал» үшін қарсыластар қоржынында «Ливерпуль» жоқ.
Әрине, әлемдегі ең беделді және қымбат клубтық турнирдің жеребе тарту кезінде мұндай қателіктер болмауы тиіс. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайтынын түсінген «УЕФА» басшылығы рәсімді қайта өткізуге рұқсатын береді. Алайда, атақты ұйымның беделіне үлкен нұқсан келгені сөзсіз. Себебі, Чемпиондар Лигасының 30 жылдық тарихында бұған дейін дәл мұндай үлкен жанжал болған жоқ.