246 млн теңге ұтып алған компания театрға айыппұл төлейтін болды

246 млн теңге ұтып алған компания театрға айыппұл төлейтін болды

246 млн теңге ұтып алған компания театрға айыппұл төлейтін болды
ашық дереккөзі
246 млн 750 мың теңге жұмсалған «Бөрте» спектаклінің өткізу-ұйымдастыру шараларына жауапты компания Түркістан музыкалық драма театрының пайдасына 493 мың 500 теңге көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы Түркістан музыкалық драма театрының «Бөрте» спектаклін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу шарт мәтініне өзгеріс енгізілді. Онда «Шарттың талаптарына сәйкес, өнім беруші тапсырыс берушінің пайдасына 493 500 теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын төлейді» деп көрсетілген. Яғни өнім беруші ретінде таңдалған «A-Event KZ» ЖШС шарт талаптарын толық орындамаған болуы мүмкін. «A-Event KZ» ЖШС-нің директоры әрі құрылтайшысы – Жұмажан Қалтаев. Компания 2016 жылдан бері 40 мемлекеттік сатып алуға қатысып, 39 рет тікелей бір көзден алып келген. Еске сала кетсек, «Бөрте» қойылымының бюджетіне қатысты қоғамда түрлі пікір айтылды. Олардың кейбірі Түркістан облысының ең кедей әрі балалар суициді бойынша алға шыққан өңір екендігін алға тартып, 246 миллион теңгені бір спектакльге бөлуді орынсыз ысырап деп санайды. Бұған дейін де қойылымның бас қаладағы гастрольдік сапары үшін 32 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалғаны хабарланған болатын.