«Театрларда тарихи фактілер бұрмаланып жүр» - Тоғжанов

13 желтоқсан Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен кино және театр саласын дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оған тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері мен мәдениет саласының мамандары қатысты. Кеңес барысында кино және театр саласындағы бірқатар проблемалық мәселелер мен оларды жүйелі түрде шешу жолдары қарастырылды.

Тоғжанов

Қазіргі кезде Қазақстанда 65 театр бар, оның ішінде 54-і мемлекеттік, 11-і жекеменшік. Жалпы Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 21 мемлекеттік театр ашылды, 10 театрға жаңа ғимарат салынды. Театрлардың мәртебесін көтеру мақсатында 3 театрға «Ұлттық», 9 театрға «Академиялық» статусы берілген.

Премьер-Министрдің орынбасары кеңес барысында театрларда көркемдік деңгейі сын көтермейтін қойылымдардың сахналануының, тарихи фактілердің бұрмалануы фактілері кездесіп отырғанын айтты. Бұл ретте ол көркемдік кеңестің мақұлдауынсыз қойылымдарды іске асырмау, көркемдік кеңестер құрамына тарихшы мамандарды енгізу қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар Е. Тоғжанов театр сыншылары институтын дамытудың маңызына тоқталып, театр сыншыларына тұрақты қолдау көрсетуді тапсырды. Бұдан бөлек, Үкімет басшысының орынбасары кинематография саласындағы бірқатар проблемаларды көтерді. Республикада 110 кинотеатр өз қызметін жүзеге асырады, оның ішінде 29-ы мемлекеттік меншікте. 1991 жылдан бері «Қазақфильм» киностудиясы 600-ден аса фильм түсірді. Дегенмен, еңбекқорлықты, азаматтық жауапкершілікті, отансүйгіштікті, спортты насихаттайтын картиналардың әлі де жеткіліксіз екендігі айтылды. Бұл бағытта Е. Тоғжанов кино және театр саласындағы қойылым тақырыптарын жүйелі құндылықтардың аясында қоюды ұсынды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Мәдениет және спорт министрлігі мен өңір әкімдіктеріне кино және театр саласын дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдау туралы бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button