Оралдық күдіктіге ең ауыр жаза беруді талап етіп отыр

Оралдық күдіктіге ең ауыр жаза беруді талап етіп отыр

Оралдық күдіктіге ең ауыр жаза беруді талап етіп отыр
ашық дереккөзі
Желтоқсан айының басында «Орал-Тасқала» тасжолында екі көліктің соқтығысып, жол-көлік апаты орын алған болатын. Оралдық тұрғын Төрехан Бекжанов анасының өліміне себепші болған күдіктіге ауыр жаза сұрауда, деп жазды turkystan.kz. Hyundai Accent көлігін Теректі ауданына қарасты ауылдық полиция бөлімі бастығының орынбасары тізгіндеген. Қазір бүтін бір отбасы мас полицейдің кесірінен ауруханада жатыр. Отағасы оқиғаны жан-жақты тексеріп, кінәлілерді заң шеңберінде жазалауға уәде берген полицейлерден  күдіктіні заңның ең қатал шараларымен жазалауды талап етуде. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Лунара Аманғалиеваның айтуынша, жүргізушіге қатысты қамауға алу, бұлтартпау шарасы қабылданған.
«Соттың санкциясымен күдікті екі айға қамауға алынды. Ол алғашқы күннен бастап полицейлердің бақылауында болды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бұған дейін кешкілік уақытта «Орал - Тасқала» тас жолында екі көлік соғылып, апат орын алғанын хабарлаған едік. Көліктің бірін Теректі ауданына қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары мас күйінде жүргізген. Ол дереу қамауға алынды. Күдікті бұл қызметте 20 жылдан бері жұмыс істеген», - дейді Лунара Аманғалиева.
Естеріңізге салайық, оқиға салдарынан Lada Largus автокөлігінің салонында болған 51 жастағы әйел қайтыс болды. Ал дәрігерлер өте ауыр жарақат алған жеті айлық нәресте аяғының тізеден жоғары бөлігін кесіп тастауға мәжбүр болған.