Қазақстан "омикрон" штаммына қарсы вакцинаны екі-ақ аптада дайындамақ

Қазақстан "омикрон" штаммына қарсы вакцинаны екі-ақ аптада дайындамақ

Қазақстан "омикрон" штаммына қарсы вакцинаны екі-ақ аптада дайындамақ
ашық дереккөзі

ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарияның мәлімдеуінше, «омикрон» штаммы елімізге келген жағдайда, оған қарсы вакцина 2 аптаның ішінде дайындалады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ғалымдар "Pfizer" вакцинасы "омикрон" штаммына қарсы күші төмен екендігін айтты. Бұл вирустың алдыңғы штаммдарымен салыстырғанда 32 есеге аз екенін жариялады. Алайда, COVID-19 ауруының ауыр ағымы мен өлім-жітімнен қорғауға қабілетті, дейді. Ресейлік "Спутник V" препаратына да тексерістер басталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "омикрон" "дельтаға" қарағанда қауіпсіз екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ, COVID-19-дың жаңа формасы науқастарда жеңіл әрі симптомсыз деген ақпарат таратты.

Бұдан бөлек, отандық ғалымдар елге бұл штамм келсе, онымен күресуге сақадай-сай отыр.

«Қазақстанның ішінде сол штаммды институтқа беріп, табылатын болса онда біздер вакцинаны жаңартуға, "омикрон" штаммына  қарсы екі аптаның ішінде оңай істей аламыз. Дегенмен де өзгертпей де біздің "Qaz Vac" вакцинамыз өте жоғары көрсеткіштерді көрсетуде», - деді ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария.

Елде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Жағдайды бағалау матрицасының "қызыл" аймағында бірде-бір өңір қалған жоқ. "Сары" белдеуде: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. Қалған өңірлер - қауіпсіз аймақта.