Түркияда үш әуежай жабылып, көлік қозғалысы шектелді
Қалың тұман салдарынан Түркияның шығысындағы үш әуежай жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Таңертең Диярбакыр, Батман және Мардин бағытындағы рейстер тоқтатылды», - деп хабарлады TRT Haber телеарнасы.
Тұманнан жүргізушілердің жолды көруі қиындаған. Салдарынан жол қозғалысы тоқтатылған.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өткен аптада дауылдың әсерінен Анталияға ұшу тоқтатылған. Бодрум мен Измир әуежайларына рейс те кейінге қалдырылды.