Ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды

Ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды

Ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды
ашық дереккөзі
Павлодар облысында ауыл тұрғынының үйінде заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды, деп хабарлады turkystan.kz. Ол 16 калибрлі аңшылық мылтығына арналған патрондарды үйінде заңсыз сақтаған.
Успен ауданының Галицкое ауылы тұрғынының үйінде азаматтық қаруды сақтау жағдайына тексеру жүргізу кезінде заңсыз сақталған тегіс ұңғылы аңшылық мылтығының оқ-дәрілері табылды. Ауыл тұрғынының 12 калибрлі мылтыққа рұқсаты болған, ал баллистикалық зерттеудің қорытындысы бойынша, бұл оқ-дәрілер -  16 калибрлі аңшылық мылтыққа арналған патрон. Аталған оқ-дәрілерді сақтауға азаматтың рұқсат құжаттары жоқ, - деді Успен ауданының әкімшілік полициясының бастығы Александр Семенченко. 
Ауыл тұрғыны өзін ақтау үшін түрлі себептерді ойлап табуға тырысқан. Аталған факті ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабын бұзу болып саналады. Оған сәйкес, ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалды сотқа жолдау жоспарланған.