Ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды
Ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды
Павлодар облысында ауыл тұрғынының үйінде заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол 16 калибрлі аңшылық мылтығына арналған патрондарды үйінде заңсыз сақтаған.
- Успен ауданының Галицкое ауылы тұрғынының үйінде азаматтық қаруды сақтау жағдайына тексеру жүргізу кезінде заңсыз сақталған тегіс ұңғылы аңшылық мылтығының оқ-дәрілері табылды. Ауыл тұрғынының 12 калибрлі мылтыққа рұқсаты болған, ал баллистикалық зерттеудің қорытындысы бойынша, бұл оқ-дәрілер - 16 калибрлі аңшылық мылтыққа арналған патрон. Аталған оқ-дәрілерді сақтауға азаматтың рұқсат құжаттары жоқ, - деді Успен ауданының әкімшілік полициясының бастығы Александр Семенченко.
Ауыл тұрғыны өзін ақтау үшін түрлі себептерді ойлап табуға тырысқан.
Аталған факті ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабын бұзу болып саналады. Оған сәйкес, ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалды сотқа жолдау жоспарланған.