Қаржылық мониторинг агенттігі өз әріптестерін тұтқындады

Қаржылық мониторинг агенттігі өз әріптестерін тұтқындады

Қаржылық мониторинг агенттігі өз әріптестерін тұтқындады
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі қызметінде өкілеттігін асыра пайдаланған әріптестерін ұстағандарын мәлімдеді, деп жазды turkystan.kz. Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі 1984 жылы туған Ақмола облысының тумасы Дастанбек Қайырбеков мемлекетаралық іздеу жариялап, тіпті, оның орналасқан жері туралы анық ақпарат ұсынған үшін ақшалай сыйақы тағайындаған болатын.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті іздестіріп жатқан аумақтық департамент басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Дастанбек Қайырбеков ұсталды», – деп мәлімдеді агенттіктің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта күдікті Нұрсұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалып отыр. Оған қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.