LRT ісіне қатысты күдіктілер әлі іздестіріліп жатыр

LRT ісіне қатысты күдіктілер әлі іздестіріліп жатыр

LRT ісіне қатысты күдіктілер әлі іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі LRT ісі бойынша іздеуде жүрген Т. Ардан мен Қ. Сұлтанбековке «қызыл бюллетень» бойынша (қамауға алу және экстрадициялау мақсатында) халықаралық іздеу жарияланғанын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
 «Астана қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және LRT, BRT/ITS жобаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын жымқыру фактілері бойынша өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аясында Т. Арданға және Қ.Сұлтанбековке «қызыл бюллетень» бойынша (қамауға алу және экстрадициялау мақсатында) халықаралық іздеу жарияланды», - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Агенттіктің баспасөз қызметі Т. Арданның Түркияда екені анықталып, сот оны қамауға алу үшін сырттай санкция берді. Осы мемлекеттің құқық қорғау органдары оның орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатқанын айтты. Ал Сұлтанбековтің АҚШ аумағында екендігі анықталған. Оны ұстау және экстрадициялау туралы өтініштер келесі тарапқа бірнеше рет жолданған.
«АҚШ заңы бойынша егер ол көші-қон режимін бұзбаса, қызыл бюллетеньнің болуы іздеуде жүрген адамды ұстауға негіз болмайды. Сонымен қатар, біздің азаматты экстрадициялау қылмыскерлерді ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауымен қиындап отыр. Бұл мәселені уәкілетті орган пысықтайды», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ агенттік олардың неге Интерпол сайтында жарияланбағанына қатысты сұраққа да жауап беріп өтті. Интерполдың талаптары мен ережелеріне сәйкес, Интерполдың жария веб-сайтында қылмыскерді іздестіру және оларды жариялау туралы мәліметтер зор қоғамдық резонанс тудырған, сондай-ақ қоғамға жоғары қауіп төндіретін (кісі өлтіру, терроризм, экстремизм және т.б.) қылмыстар жасаған адамдарға қатысты жарияланады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, жария веб-сайтта мәліметтерді жариялау туралы түпкілікті шешімді Интерполдың Бас хатшылығы (Лион, Франция) қабылдайды. Осылайша, іздестіріліп жатқан адамдардың Қ.Сұлтанбеков пен Т.Арданның жария сайтта болмауы – олардың Интерпол дерекқорында жоқтығын білдірмейді.