Қызылорда құрылысшылары ең аз жалақы алады

Қызылорда құрылысшылары ең аз жалақы алады

Қызылорда құрылысшылары ең аз жалақы алады
ашық дереккөзі
2021 жылдың үшінші тоқсанында еліміздің құрылыс саласында 640,7 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 3%-ға артық, деп хабарлады turkystan.kz. Өңірлер бойынша бұл салада жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі (74,7 мың адам) елордада тіркелген. Алматы мен Түркістан облысы да жетекші өңірлердің үштігінде. Құрылыста жұмыспен қамтылғандардың ең аз саны (11,2 мың адам) СҚО-да тіркелді. Жалпы, еліміздің құрылыс саласында кадр тапшылығы қатты байқалады. 2020 жылмен салыстырғанда, биыл нарықтағы бос жұмыс орындарының саны 53%-ға артқан. Негізгі жұмыс іздеу жүйелерінің хабарлауынша, бұл елдегі жылжымайтын мүлікке сұраныстың артуына байланысты. Бұл ретте құрылыста еңбек ететіндердің орташа жалақысы биылғы үшінші тоқсанда 314,3 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 32,5%-ға артық. Ең жоғары орташа айлық жалақыны (465,4 мың теңге) Атырау облысындағы мамандар алады. Маңғыстау облысы мен елорданың құрылысшылары да жоғары жалақыға ие. Осы үздік 3 аймақта ғана жалақы республикалық деңгейден жоғары. Ал ең аз жалақыны Қызылорда облысының мамандары алады. Бар болғаны – 166,8 мың теңге.