Түркістанда бір қошқар 18 миллион теңгеге сатылды (ВИДЕО)

13 желтоқсан, 2021 / Қанат Жаңбырбай
ашық дереккөзі
Түркістанда бір қошқар 18 миллион теңгеге сатылды (ВИДЕО) Жергілікті шаруа қожалық басшыларының  бірі Рустам Тургунов асылтұқымды қошқарын саудалаған. Каштан есімді қошқардың бағасы – 40 мың АҚШ доллары, деп жазады turkystan.kz. Жуырда әлеуметтік желілерде сатылымға шығарылған қошқардың видеосы тарап кеткен болатын. Видео авторы Анвар Рустемовтің айтуынша, ел тарихында ең қымбат асылтұқымды мал қолма-қол ақшаға сатылып отыр. 18 миллион теңгеге өткен қошқардың бойы – 1 метр 5 сантиметр. Аталық қойды жергілікті фермер Қуаныш Мықтыбаев сатып алды. Видео авторы бұған дейін өзінің «Youtube» арнасында Рустам Тургуновтың шаруа қожалығы туралы репортаж жария еткен болатын. Онда Каштан есімді қошқар жайлы жан-жақты ақпарат берілген. Сондай-ақ, шаруа қожалық иесінің бұл асылтұқымды малды осыдан төрт жыл бұрын 10 мың АҚШ долларына сатып алғаны айтылған.