Қазақ-қытай шекарасында 11 мың көлік кезекте тұр

Қазақ-қытай шекарасында 11 мың көлік кезекте тұр

Қазақ-қытай шекарасында 11 мың көлік кезекте тұр
ашық дереккөзі
Қазақстаннан Қытай бағытына қарай мемлекеттік шекарадағы жүк көліктерінің кептелісі күн санап артып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Қытаймен кедендік шекарада электронды кезекке 11 731 көлік тіркелген. Алайда іс жүзінде кезекте тұрғандар саны 228 көлік: «Бақты» бекетінде – 177, «Нұрлы жол» бекетінде – 51 көлік. Өзбекстанмен шекарада 40 автокөлік кезекте тұр. «Б.Қонысбаев» өткізу пунктінде – 10, «Атамекенде» – 10, «Қапланбек» өткізу пунктінде – 8, «Қазығұрт» өткізу пунктінде – 12 автокөлік тұр. 2021 жылдың жазынан бастап темір жол және автомагистральді шекаралық өткізу пункттерінде тұрақты кептелістер пайда болды.