Еуропада екпеге қарсы наразылықтар тоқтамай тұр (ВИДЕО)

Еуропада екпеге қарсы наразылықтар тоқтамай тұр (ВИДЕО)

Еуропада екпеге қарсы наразылықтар тоқтамай тұр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Кәрі құрлық елдерінде коронавирусқа қарсы екпе мен шектеулерге қатысты басталған наразылық шаралары саябырсымауда. Шетелдіктер шектеу шаралары мен биліктің вакцинацияны міндетті ету жоспарларына қарсылық білдіруде, деп жазды turkystan.kz. Австрия астанасы – Венада 40 мыңнан астам ереуілші көшеге шықты. Келесі жылдың ақпан айынан бастап екпе алмаған австриялықтар 3600 еуро көлемінде айыппұл төлейтін болады. Биліктің денсаулық сақтау саясатына ашуланған испандықтар да Мадридте бейбіт шеруге шықты. Ереуілшілер көшеге «Бұл жалған пандемия», «Мен екпе алмаймын» деген плакаттарды ұстап шықты. Каталонияның астанасы – Барселонада санитарлық төлқұжаттарға қарсы ірі наразылық өтті. Автономиялық қоғамдастықта барларға, мейрамханаларға, спорт залдарына, қарттар үйіне және түнгі клубтарға кіру үшін ковид сертификаты қажет. Санитарлық төлқұжаттарды енгізу туралы шешімді билік коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының артуы барысында қабылдаған. Люксембургте мыңнан астам наразы топ шектеу шаралары мен QR-код режимінің күшеюіне қарсы шықты. Акция бейбіт түрде басталғанымен, кейін тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Шерушілер тобы полицияға тас лақтыра бастады. Бұған жауап ретінде тәртіп сақшылары су атқыштарын қолданған.