Елордада мәнерлеп сырғанаудан фестиваль өтті

Елордада мәнерлеп сырғанаудан фестиваль өтті

Елордада мәнерлеп сырғанаудан фестиваль өтті
ашық дереккөзі
Кеше Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі Денис Теннің қоғамдық қорымен бірлесіп мәнерлеп сырғанау фестивалін өткізді. Фестиваль бағдарламасының аясында жас спортшылар, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар мен шетелдің жұлдыздары – ірі жарыстар мен түрлі турнирлердің женімпаздары өнер көрсетті.  width= Дүниежүзілік адам құқықтары күнін атап өту кездейсоқ тандалмаған. Өкілдік қызметкерлері адам құқығы деген соншалықты қиын дүние емес екенін көрсеткісі келеді. Ол – әрбір адамға бұйыратын күнделікті қажеттілік. Фестиваль мақсаты – Дүниежүзілік мереке күнін халықтың есіне салу, барлық адамның құқығы бірдей, қай мемлекетте, қай қалада тұратынын әркімнің өзіне ғана байланысты екенін түсіндіру.  width= Мачей Адам Мадалинский
«Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Біз бәріміз бір-бірімізге ұқсамаймыз. Білім алуға, таза ауамен дем алуға, сүйікті іспен айналысуға, еркін қозғалуға, отбасын құруға және балалар өсіруге деген ұмтылысымыз бізді біріктіреді. Шын мәнінде адам құқығы сияқты күрделі болып көрінетін ұғым адамның күнделікті игіліктерге деген ұмтылысын білдіреді», – деді ЕО Қазақстандағы елшісінің орынбасары Мачей Адам Мадалинский өзінің алғы сөзінде.
Мәнерлеп сырғанау спорт пен өнерді, жетістікке деген ұмтылысты, кіші және үлкен жеңістердің қуанышын біріктірді. Сүйікті ісімен айналысу – нағыз бақыт. Біздің мемлекетте осы бақыт бәрімізге қол жетімді. Денис Теннің жетістігі, оның жеңістері мен шеберлігі жүздеген қазақстандық ұл-қыздарды мәнерлеп сырғанаумен айналысуға шабыттандырды. Мұндай құлшыныс әрқашан өз нәтижесін береді. Өткен фестиваль оның жарқын дәлелі болды. Өйткені мұзға әлі кішкентай сырғанаушылар шықты, бірақ олар – маңызды турнирлердің жеңімпаздары. Фестивальда Нұр-Султан мен Өскемендегі үш мектептің спортшылары өз шеберліктерін көрсетті. Фестиваль бағдарламасында топтық, жеке және жұптық нөмірлер болды. Спорттық ареналарда өнер көрсетуге дағдыланған сырғанаушылар үшін сауда ойын-сауық орталығының атмосферасы ерекше болды. Екі күндік жаттығу кезінде барлық спортшылар мұзға үйреніп, керемет өнер көрсетті.  width= Көрермендерді қазақстандық жұп Софья Лукинская мен Данил Пак таңқалдырды. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы гран-придің екі халықаралық кезеңінің қатысушылары, мұз айдынының танымал шеберлері халықаралық класс шебері Светлана Ляпинамен жаттығады. Біздің сырғанаушылар Италия чемпионатының қола жүлдегерлері Софья Кириченко мен Алесандро Пелегринимен, сондай-ақ алдағы Еуропа чемпионатының қатысушылары Екатерина Митрофанова және Владислав Касинскиймен бір жаттықтырушылар тобында айналысады.  width= Мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирінің қола жүлдегерлері мен ересек гран-при жеңімпаздары Ясмина Кадырова мен Иван Бальченконың өнер көрсетуі кештің жарқын аяқталуына айналды. Мәнерлеп сырғанау – әрі әдемі, әрі күрделі спорт түрі. Ол күш, кербездік, табандылық пен дарынды біріктіреді. Және бұл – балалық шақтан бастау алатын ерең еңбек. Осы қасиеттерді біріктіре білгендер ғана жетістікке жете алады. Спорт адамның дініне, тіліне, түсіне, ұлтына қарай бөлінбейді. Спортта бәрі тең. Ол шекараларды жояды. Спорт – бірігудің маңызды күші.  width= Сондай-ақ бұл күні жас суретшілердің көрмесі өтті. Шетелдік дипломаттар адам құқықтары күніне арнайы сурет салған суретшілердің жұмыстарын жоғары бағалады. Көрменің кураторы – Нұр-Султан қалалық Суретшілер одағы жастар бірлестігінің төрайымы Гүлдана Жұрқабаева.