Депозитке аударылған зейнетақыны 3 жыл ішінде пайдалану керек

Депозитке аударылған зейнетақыны 3 жыл ішінде пайдалану керек

Депозитке аударылған зейнетақыны 3 жыл ішінде пайдалану керек
ашық дереккөзі
«Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ депозитке ауударылған зейнетақының шекті мөлшерін белгіленген мерзімде және тек тұрғын үй несиесін алуға жұмсалуы керектігін хабарлады, деп жазды turkystan.kz. Қаржы институты өкілдерінің айтуынша, есепшотты тек ақша сақтау үшін ғана пайдалануға болмайды. Бұл ретте «Отбасы банкінің» негізгі бағдарламаларында мынадай талап бар: қалаған баспана құнының кем дегенде 50 пайызын жинақтау қажет. Бұл несие үшін қажетті сома жиналғанша шотты жүйелі түрде толтыру қажет дегенді білдіреді. Мысалы, зейнетақы жинақтарының артығы 1 млн теңге. Бұл сома «Отбасы банкіндегі» депозитке аударылады және үнемі толықтырылып отырады. Тұрғын үй құнының қажетті 50%-ын жинау үшін үш жыл бар. Осы уақыт ішінде салымшы несие ресімдеуі керек. Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қазақстандықтардың артық зейнетақы жинақтарын «Отбасы банкіндегі» депозитке аударуға рұқсат беретін бұйрыққа қол қойған болатын. Ал «Отбасы банкі» 16 желтоқсаннан бастап депозиттерді толықтыруға дайын екенін айтты. Сонымен қатар, БЖЗҚ-да жеткіліктілік шектерінің қолданылу мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.