Қазақстанда бірқатар азық-түлік тауарлары қымбаттады

Қазақстанда бірқатар азық-түлік тауарлары қымбаттады

Қазақстанда бірқатар азық-түлік тауарлары қымбаттады
ашық дереккөзі
Азық-түлік бағасы арзандар емес. Арзандағанды айтамыз-ау, қымбаттап барады. Бастысы, бұл үрдістің басталғаны соңғы бір-екі айдың айналасы емес, жылдап жалғасуда. Жуырда елімізде бірқатар азық-түлік тауарлары тағы да қымбаттады, деп жазды turkystan.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңесті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов өткізді. Өткен аптада бағаның төмендеуі елімізде  – Нұр-Сұлтанда, БҚО және Қызылорда облысында тіркелді. Ең көп өсім Түркістан облысы мен Алматы қаласында байқалды. Қырыққабат – 0,7%-ға, қарақұмық, айран – 0,4%-ға, сүт, тұз – 0,3%-ға қымбаттаған», – делінген хабарламада.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары атап өткендей, алдағы мерекелерді ескере отырып, әкімдіктердің баға мониторингі, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және сауда желілерімен жұмыс жасау жұмысын күшейту қажет.