Шәріпованың Тейлорға шамасы жетпеді

Шәріпованың Тейлорға шамасы жетпеді

Шәріпованың Тейлорға шамасы жетпеді
ашық дереккөзі
Кеше Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Фируза Шәріпова ирландиялық Кэти Тейлормен күш сынасты, деп жазды turkystan.kz. Жеңіл салмақ дәрежесі бойынша «WBC», «WBA», «WBO» және «IBF» нұсқаларының чемпиондық белбеуі сарапқа салынған бәсекенің фавориті Тейлор еді. 35 жастағы Ирландияның өкілі кезінде Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, бес дүркін әлем және алты дүркін Еуропа чемпионы атанғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Он раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша барлық төреші жеңісті бірауыздан ирландиялық спортшыға берді. Есеп – 98:92, 97:92, 96:93. Сөйтіп, Кэти Тейлор абсолютті әлем чемпионы атағын  қорғады. 27 жастағы Фируза Шәріпова үшін бұл кәсіпқой рингтегі екінші жеңілісі. Бұған дейін ол өзінің тұсаукесер кездесуінде ресейлік Софья Очигавадан ұтылған болатын. Содан кейін отандасымыз қатарынан 14 жекпе-жекте жеңіске жетті.