Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
ашық дереккөзі

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қайрат Болатұлы Рахымов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін бітірген. 2007-2015 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, ҚР Энергетика министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы болды. 2015 жылдан 2020 жылға дейін — ҚР Энергетика министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды. 2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.