Шекараға басып кірген мигранттар сарбазды жаралады

Шекараға басып кірген мигранттар сарбазды жаралады

Шекараға басып кірген мигранттар сарбазды жаралады
ашық дереккөзі
Беларусьтен келген заңсыз мигранттардың шекараға шабуылы кезінде поляк сарбазы жараланды, деп хабарлады turkystan.kz. 12 желтоқсанда Черемши ауданындағы поляк-белорусь учаскесінен 55 адам шекараны кесіп өтті. Поляк әскерінің бір сарбазына тас тиіп, сол жерде оған көмек көрсетілді, – делінген хабарламада.
«Мигранттар тобы шекарадан өткен. Алайда, олардың бәрі ұсталып, шекараға жеткізілген. Жыл басынан бері Польша шекарашылары Беларусь шекарасынан заңсыз өтуге тырысқан 40 мыңға жуық дерек тіркеген», - деді шекара күзетінің өкілі Анна Михалская.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда он есе көп. Қарашада 8,9 мыңдай, қазанда – 17,4 мың, қыркүйекте – 7,7 мың, тамызда 3,5 мыңдай әрекет анықталған.