Шекараға басып кірген мигранттар сарбазды жаралады

13 желтоқсан, 2021 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Шекараға басып кірген мигранттар сарбазды жаралады Беларусьтен келген заңсыз мигранттардың шекараға шабуылы кезінде поляк сарбазы жараланды, деп хабарлады turkystan.kz. 12 желтоқсанда Черемши ауданындағы поляк-белорусь учаскесінен 55 адам шекараны кесіп өтті. Поляк әскерінің бір сарбазына тас тиіп, сол жерде оған көмек көрсетілді, – делінген хабарламада.
«Мигранттар тобы шекарадан өткен. Алайда, олардың бәрі ұсталып, шекараға жеткізілген. Жыл басынан бері Польша шекарашылары Беларусь шекарасынан заңсыз өтуге тырысқан 40 мыңға жуық дерек тіркеген», - деді шекара күзетінің өкілі Анна Михалская.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда он есе көп. Қарашада 8,9 мыңдай, қазанда – 17,4 мың, қыркүйекте – 7,7 мың, тамызда 3,5 мыңдай әрекет анықталған.