Шымкенттік аула тазалаушы күтпеген жерден баспаналы болды

Шымкенттік аула тазалаушы күтпеген жерден баспаналы болды

Шымкенттік аула тазалаушы күтпеген жерден баспаналы болды
ашық дереккөзі
Шымкент қаласының тұрғыны Нұртілеу Жүнәлиев көз жанарынан айырылғанына қарамастан көше сыпырып, отбасын асырап жүр екен. Ол туралы жергілікті Otyrar телеарнасы хабарлаған сәтте-ақ көпшілік көмек қолын созуға жұмыла кеткен, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл әрекетке «Харекет» қоры да үлес қосып, жылу бір айға жетпей жиналып қалған. Жалпы, бала кезінен көзі дұрыс көрмейтін аула тазалаушы бұған дейін бала-шағасымен жатақхананың бір бөлмесінде тұрып келген.
«Бұл отбасына біз 10 миллион теңге жинадық. Оған үлкен, жайлы үй сатып алдық. Сіздерге алғыс айтамыз. Көмектескен барлық жанға рақмет, біз қайырымды іс жасадық», - дейді «Харекет» қорының директоры Гүлмира Мұқанқызы.