Такси жүргізген Путин биліктен босағанда да сөйтермін деп ойлаған

Такси жүргізген Путин биліктен босағанда да сөйтермін деп ойлаған

Такси жүргізген Путин биліктен босағанда да сөйтермін деп ойлаған
ашық дереккөзі
Ресей президенті Владимир Путин «Новая история» атты фильмнің трейлерінде өзінің 90-жылдары жолаушыларды тасымалдап, ақша тапқанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Кейде жолаушыларды жеткізіп тастап, қаржы табуға тура келетін. Әрине, ол жайлы айту ыңғайсыздау, бірақ солай болды», - дейді ол.
Сол 90-жылдары Петербург қаласының мэрі Анатолий Собчак сайлауда жеңіліп қалып, оның көмекшісі Владимир Путин өзінің енді не істейтінін әбден уайымдапты.
«Мен сол кезде не істеу керек деп ойландым, мүмкін таксист болармын дедім. Қалжыңдап тұрғаным жоқ, рас айтамын. Екі кішкентай балам болды. Сондықтан Мәскеуге президент ісі басқармасының құқықтық кеңесіне жұмысқа шақырғанда ойланбастан келдім», - дейді Путин.