Самса пісіретін аспаз көшеден кептер ұстап жүр (ВИДЕО)

Самса пісіретін аспаз көшеден кептер ұстап жүр (ВИДЕО)

Самса пісіретін аспаз көшеден кептер ұстап жүр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Желі қолданушылары самса жасайтын аспаздың кептерлерді аулап жүрген видеосын қызу талқылап жатыр. Айтуларынша, ол самсаға кептердің етін қосады-мыс, деп хабарлады turkytstan.kz 31 арнаға сілтеме жасап. Кадрда ер адамның көгершіндерге жем беруге далаға шығып, құстардың бірін ұстап, кафеге кіріп кететіні көрінеді. Оны кафе сатушыларының бірі таспаға тартып алған. Олар кептерлерді тамақтандыру үшін ішке алып кіргенін, кейін қайта ұшырып жібергендерін жеткізді. https://youtu.be/x07lpVqks4w
«Ол аспаз қамыр дайындайды. Тамақтың қалдықтарын кептерлерге беріп жатқанында мен оның жанында болдым. Біреуін ішке алып кірді, бірақ содан соң барлық кептер сыртқа ұшып кетті. Біз кептерлерді тамаққа қоспайтын шығармыз енді?! Тамақты өзіміз де жейміз. Етке бөлек тапсырыс жасаймыз», - дейді сатушы Қаракөз Үстімбитова.
Бұл ретте СЭС те көгершін етін тамаққа пайдалануға тыйым салынатынын ескертті. Бірақ олар мораторийге байланысты тамақтану орындарын тексере алмайды екен. Бақылаушылар тексеру үшін жаппай улану жағдайы тіркелуі керектігін алға тартып отыр. Сондай-ақ, шағымданушылардың өзі заңбұзушылықтың фото және бейне дәлелдерін ұсынуы шарт. СЭС қызметкерлері де тексеруді жоспарлаған жағдайда, ол туралы кәсіпкерлерге алдын ала ескертуі керек.