Бокс: Зәуірбек нокаутпен, Қоңқабаев басымдықпен жеңіске жетті

Бокс: Зәуірбек нокаутпен, Қоңқабаев басымдықпен жеңіске жетті

Бокс: Зәуірбек нокаутпен, Қоңқабаев басымдықпен жеңіске жетті
ашық дереккөзі
Алматыда MTK Kazakhstan бокс кешінде қазақстандық Сұлтан Зәуірбек (11-0, 7 КО) пен британдық Райан Уилер (16-1-1, 0 КО) жұдырықтасты, деп хабарлады turkystan.kz. Екінші жартылай салмақтағы кездесуде чемпиондық атақ сарапқа салынған болатын. Бұл Сұлтан Зәуірбектің WBO European белдігі еді. Кездесу 10 раундқа есептелгенімен, төртінші раундта Уилер 2 рет нокдаунға түсті. Алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша Сұлтан Зәуірбек кәсіби бокстағы 12-жеңісіне қол жеткізіп, WBO белдігін сәтті қорғап қалды. Ал Уилер кәсіби бокста екінші рет жеңілді. Тағы оқи отырыңыз: Ахмедов қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып салды (ВИДЕО) Жалпы, бұл бокс кешінің басты кездесуінде қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен (3-0, 3 КО) британдық Стивен Уорд (13-1, 4 КО) жұдырықтасқан еді. Кездесу 7-раундта аяқталды. Осылайша, қазақстандық боксшы бірінші ауыр салмақта WBA Gold белбеуін иемденді.