Елімізде 10 мыңнан астам жүкті әйел екпе салдырды
Қазақстанда қанша адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.
12 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда екпенің I компонентін 8 852 029 адам алған. Ал вакцинаның II компонентін салдырғандар саны – 8 286 016 адам.
11 желтоқсанда Pfizer вакцинасының I дозасын 181 037 адам, ІІ дозасын 14 580 адам салдырды. Оның ішінде:
І компонент
Жасөспірімдер – 144 613
Жүкті әйелдер – 10 645
Бала емізетін әйелдер – 25 779.
ІІ компонент
Жасөспірімдер – 10 690
Жүкті әйелдер – 1 141.