Құрылысшы қызды жұлдыз еткен Жұлдыз кім?

Құрылысшы қызды жұлдыз еткен Жұлдыз кім?

Құрылысшы қызды жұлдыз еткен Жұлдыз кім?
ашық дереккөзі
Қызылордалық сылақшы қыз Гүлмайдан Серікбайдың «Әдемі қыз» әнімен ойламаған жерден жылдам танымалдылыққа ие болғаны көп жазылды. Ал оны жұлдыз еткен Жұлдыз есімді құрбысы екенін өзі айтпаса, ешкім білмеуші еді, деп жазды turkystan.kz. Гүлмайдан Baribar.kz тілшісіне жеке өмірі мен шығармашылығы туралы сұхбат берді. Ол 1994 жылы Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Бестам ауылында дүниеге келген. 3-курсқа дейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Жоғары музыка» мамандығы бойынша білім алған. Алайда 2017 жылы анасы қайтыс болып, оқуын аяқтай алмай қалыпты. Әйтсе де өзі қиындықты көп көргенмен, өнерін тастамаған. Бүгінде оның көпшілікке танымал есімі – Дана. Өзінің айтуынша, ол есім адамдардың есінде тез сақталады екен.
«Халық дәл осылай қолдайды деп ешқашан ойламаппын. Өйткені бұл жүрегімде тұншыққан арманым еді. Жұмыста жүргенде ән айтып жатқанымды жақын досым болып кеткен Жұлдыз сыртымнан байқатпай видеоға түсіріп, TikTok-қа салып жіберіпті. Ол екеуміз құрылыс алаңына бірге шығып, жұмыс істейтінбіз. Бос үйдегі жақсы акустиканың арқасында дауыс әсерлі шығыпты. Сөйтіп интернет аудитория арасында тарап кетті деп ойлаймын», - дейді Гүлмайдан Серікбай.