64,2 соққы: Головкин тағы бір мексикалыққа есе жіберді

64,2 соққы: Головкин тағы бір мексикалыққа есе жіберді

64,2 соққы: Головкин тағы бір мексикалыққа есе жіберді
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ең көп соққы жасайтын әлем боксшылары арасында 2-орында тұр, деп хабарлады turkystan.kz. Бокста соққыларды бағалаудың Compubox компьютерленген жүйесінің деректеріне сенсек, Головкин орташа алғанда, бір раундта 64,2 соққы жасайды екен. Бұл – орта салмақ санатындағы екінші көрсеткіш. Ал бірінші орында Хайме Мунгия тұр. Жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген мексикалық былғары қолғап шебері раундына 65,9 рет ұрады екен. Сонымен, бір раундта ең көп соққы жасайтын орта салмақтағы үздік бестікке кімдер кіреді десек, олар:
  1. Хайме Мунгия - 65,9;
  2. Геннадий Головкин - 64,2;
  3. Сергей Деревянченко - 63;
  4. Деметриус Андраде - 53,4;
  5. Риота Мурата - 50,3.