«Барыс» қорғаушысы «Кунлунь» ойыншысын төпелеп тастады (ВИДЕО)

«Барыс» қорғаушысы «Кунлунь» ойыншысын төпелеп тастады (ВИДЕО)

«Барыс» қорғаушысы «Кунлунь» ойыншысын төпелеп тастады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
«Барыс» қорғаушысы Роман Савченко континенттік хоккей лигасының (КХЛ) матчында «Кунлунь» ойыншысы Микаэль Тамды соққыға жықты, деп хабарлады turkystan.kz. Кездесу Нұр-Сұлтан қаласында өтіп, жеңіс 7:4 есебімен мұз айдыны иелерінің пайдасына шешілді. Матчтың 57-минутында қытайлық клубтың қорғаушысы Микаэль Там «Барыс» ойыншысы Роман Савченкоға қарсы ойын ережесін бұзды. Онысы Савченкоға ұнамай, ол бірден канадалықты «Барыстың» қосалқы орындығына лақтырып, соққыға жықты. Төрешілер оларды содан кейін бір-ақ арашалады. Төбелес салдарынан Савченко жекпе-жектің бастамашысы ретінде 2 минут, оған қатысқаны үшін 5 минут, сондай-ақ матч соңына дейін айыппұл алды. Микаэль Там болса, ереже бұзғаны үшін ойыннан 2 минут және төбелеске қатысқаны үшін 5 минут шеттетілді. «Барыстың» бас бапкері Юрий Михайлис осы оқиғадан кейін қолғабын мұзға лақтырды.