Табысынан 90 теңге артылған жалғызбасты ана көмектен қағылды

Табысынан 90 теңге артылған жалғызбасты ана көмектен қағылды

Табысынан 90 теңге артылған жалғызбасты ана көмектен қағылды
ашық дереккөзі
Атырау қаласының тұрғыны Нұргүл Ақтілеуова – 3 баланың анасы, ІІ топ мүгедегі. Ол табысынан 90 теңге асып кеткені үшін атаулы әлеуметтік көмектен қағылған, деп хабарлады turkystan.kz жергілікті «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.  32 жастағы әйел мемлекеттік бағдарлама аясында Атырау қаласындағы Нұрсая шағынауданында үй жалдап тұрады. Кішкентай кезінде 4-қабаттан құлап, қатты жарақаттанған оның денсаулығы өсе келе сыр беріп, биыл тіптен жүре алмай қалған. Сол себепті, тек наурызға дейін жұмыс істеп, ауруы шыдатпаған соң Нұр-Сұлтанға барып, жамбасына ота жасатқан. Маусым-тамыз аралығында Нұргүл атаулы әлеуметтік көмекті алып тұрған. Ал қыркүйектен бері оған ақша төлемей қойыпты.
«Қыркүйекте жұмыс орнымнан маған еңбекке жарамсыздығым үшін 142 мың теңге өтемақы төледі. Мүгедектігіме байланысты 89 мың теңге зейнетақы алдым. Алимент төлемей жүрген жолдасым 50 мың теңге төледі. Осының бәрін есептегенде, белгілі межеден 90 теңге асып кеткен. Ал бұл АӘК төлеуді тоқтатуға негіз болды. Балаларды мектепке дайындау, азық-түлік, пәтерақы мен тұрмыстық шығындар бар – бәрі аз ақша емес. Енді қыстыгүні әлеуметтік көмексіз отырмыз», – дейді Нұргүл Ақтілеуова.