Жаңалықтар

Ахмедов қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып салды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Ахмедов қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып салды (ВИДЕО)

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz. Ол Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде мексикалық Пол Валенсуэлаға қарсы жекпе-жекке шықты. Бокс он раундқа жоспарланған болатын, бірақ біріншісінде аяқталды. Бірнеше соққыдан кейін Ахмедов қарсыласын нокаутқа түсірді. https://youtu.be/dbZ3pDlfOF0 Бұл - жерлесіміздің 18-жеңісі, оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Валенсуэла 11-рет жеңіліп отыр. Дегенмен ол да 26 жеңісі бар мықты.