Жаңалықтар

Жас суретші үш қарындашпен бірден Үш арыстың суретін салды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Жас суретші үш қарындашпен бірден Үш арыстың суретін салды (ВИДЕО)

Алматылық 27 жастағы суретші Әсел Бекжан бір сәтте бірден Үш арыстың бейнесін қағаз бетіне түсіріп, көпшілікті таңқалдырды, деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап. «Әр суретші өзінің жеке дара стилімен ерекшеленгенін жөн деп санаймын. Мен де бір бағытта ғана қалып қоймай, бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосқым келеді. Ал Үш арысты салған тұста өз ісіме асқан жауапкершілікпен қарадым», - дейді Әсел Бекжан. Қылқалам шебері Алаш қайраткерлерінің суретін салу барысында 3 қарындашты бір сызғыштың бойына орналастырып, бейнелеу өнеріндегі жаңа техниканы қолданған. Оның топтамасында өзге де танымал тұлғалардың портреттері аз емес. https://youtu.be/_RWo2zHEXUA «Кезекті туындыға кіріспес бұрын оны жан-жақты зерттеп, жаңаша стильде салғым келді. Дүниежүзілік үлгіде өзімді сынап көрдім. Сондай-ақ өз өнерімді ғана емес, ұлтымыздың алыптарын көрсеткім келді», - дейді Әселдің өзі. Бір сәтте салынған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсырұлы мен Міржақып Дулатұлының портретін суретші Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнады.