Ақтөбе облысының экс-әкімі қазіргі әкімінен жұмыс сұраған

Ақтөбе облысының экс-әкімі қазіргі әкімінен жұмыс сұраған

Ақтөбе облысының экс-әкімі қазіргі әкімінен жұмыс сұраған
ашық дереккөзі
«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы қызметін бір жылдан астам уақыт атқарған Ермек Имантаев «Nur Otan» партиясында жасалған Омархан Өксікбаевтың мәлімдемесінен кейін өз еркімен жұмыстан шығуға арыз берді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Имантаевтың өзінің шешімі болды. Уақытында ол облыстың басшысы болған азамат. Өзі өтініш жасады. «Реті келсе, облысқа қайтып, біршама қызмет атқарғым келеді» деген уақытта «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы болуға ұсыныс жасадым. Қолынан келгенше 1,5 жылдан астам уақыт істеді. Бір шаруасы бітіп, бір шаруасы бітпей қалса да, еш өкпе-ренішсіз қоштастық. Ол өз еркімен арыз жазып, рұқсат сұрады»,- дейді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.
Еске сала кетсек, Омархан Өксікбаев «Nur Otan» партиясында өткен жиында Ақтөбе билігін сынап, бюджет ақшасының тиімділігінен ысырап болуы көп екенін айтқан болатын.
«СПК басшысы не ойлап отыр? Ақшаны оңды-солды таратып, әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясын қайырымдылық қоры қылды. Кеткен ақшаны қалай қайтарамыз, бұған енді кім жауап береді? «Ақтөбе» индустриалды аймағының жұмысы күмән туғызады. Оларға облыстық бюджеттен 5 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Есеп бойынша бәрі ойдағыдай игерілген. Бірақ 300 жұмыс орнына арналған 5 кәсіпорын ғана құрылды. Облыс әкімдігі тарапынан бақылау қайда?» - деген еді сонда Өксікбаев.