Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Үндістанда өткен жарыстың чемпионы атанды

ашық дереккөзі

Қазақстандық теннисші Үндістанда өткен жарыстың чемпионы атанды

Қазақстандық Сандуғаш Кенжебаева 18 жасқа дейінгілер арасындағы ITF сериясы бойынша өткен бірінші санаттағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz. Жұптық сынның финалында С.Кенжебаева үндістандық Сухита Маруримен бірге қазақстандық Еркежан Арыстанбекова мен Жанель Рүстемованың жұбымен кездесті. Аса тартысты өткен матч екі жарым сағатқа жуық уақытқа созылды. Сандуғаш пен Сухита 6:4, 2:6, 10:8 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық тұғырға көтерілді